Элтон Джон үйленеді

0
728
Элтон Джон үйленеді

Әйгілі Элтон Джонның үйлену тойы 2014 жылға жоспарланған болатын. Белгілі болғандай, британдық музыкант пен оның сүйіктісі Дэвид Ферниш 21 желтоқсан күні заң жүзінде некелесетін болды. Үйлену тойына екі жақтан 50-ге жуық адам қатысады. Салтанатты рәсім музыканттың Виндзордағы үйінде өтеді.

1547200
Элтон Джон ғашығы Дэвид Фернишпен 1993 жылы танысты. Әйгілі музыкант ағымдағы жылы үйленетінін британдық ток-шоулардың бірінде мәлімдеген болатын. Қазір бұл жұптың суррогатты анадан 3 жасар Захари және 2 жасар Элайджу есімді ұлдары бар. Айта кетейік, 2013 жылы Ұлыбритания парламенті бір жынысты некеге рұқсат беру туралы заң қабылдаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 1980 жылы Элтон Джон Рената Блауелге үйленген. Алайда кейін музыкант өзінің гей екенін мойындады.

Ақпарат внюс.кз сайтынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу