Элеш мәзірі

1
2492
элеш мәзірі

Татар асханасының біраз тағамдары біздің ас мәзіріне сіңісіп кеткені рас. Атап айтар болсақ: чак-чак, учпучмак, перемяч және т.б. айта берсек көп-ақ. Бүгін солардың біреуі — элештың жасалу жолымен бөліскіміз келеді. Ет салмасы бар тойымды самсаның бір түрі десекте болады.

 Қамыр үшін: ұн, ашытқы, су, тұз, айран (кейде майонез салуға болады)
Салма үшін: ет (фарш көбіне тауықтың етімен де пісіруге болады), құйрық май, картоп, пияз, тұз, қара бұрыш.
Ашыған қамырды шағын зуала қылып, ортасына салманы саламыз да, қуырылатын ашық бәліштей қып түреміз. Сосын үстіне шағын ғана қақпақша жасаймыз.
 элеш
Пешті 200 градуста 10 минуттай қыздырып қоямыз.
Элештерді майланған табаға салып, ысып тұрған пеш ішіне 10 минутка 180 градуста (асты-үсті қыздыру режимінде) салып аламыз. қамыр көтеріліп, үсті кепкен кезде табаны шығарамыз да, қақпағын кесіп алып, әр бір элэш ішіне бір шәй қасық су (немесе сорпа) құямыз да, қақпағын қайта жабамыз.
Әр бір элешке су құйып болған соң, үстіне жұмыртқа жағып, 30 минуттай 180 градуста конвекция режимінде пісіреміз.
Осымен дәмді әрі тойымды элештеріңіз дайын!  Астарың дәмді болсын!
Ас үйде болған Айжан Табын

1 пікір

Пікір қосу