Екінші рет үйленген әкенің балалары мен жаңа әйелінің қарым-қатынасы

0
1741

Еліміздің ажырасу статистикасы жылдан жылға өсіп келеді. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында балалы болып үлгергендер де бар. Ата-анасының ажырасқанынан ең көп зардап шегетіндер де солар. Отбасы бұзылғанына енді үйреніп келе жатқан балалар ата-анасының екінші рет үйленуіне көп жағдайда қарсы келеді. Нағыз қиындықтың барлығы сол кезде басталады.

Балалары бар бола тұра ажырасқан адаммен жаңа отбасын құру көп адамның қолынан кел бермейді. Себебі, қалыпты жағдайда екі адам бір-бірін ұнатып, отбасын құратын болса, бұл жерде жаңа адам оған дейін қалыптасқан отбасына кіреді. Және жаңа адамды сол отбасы мүшелерінің қабылдауы не қабылдамауы тікелей өзіне байланысты. Әдетте, ажырасқаннан кейін балалар анасымен қалып, әкесін сирек көретін болғандықтан, әкенің екінші рет үйленуі көп проблема тудыруы мүмкін. Жаңа әйел табиғи инстинк кесірінен балалармен тіл табыса алмауы мүмкін. Ондай жағдайға тап болмау үшін, Берт Хеллингер ұсынған келесі кеңестерге кұлақ түрген жөн.

1. Жаңа әйел бұрынғы отбасының балаларымен дос болуға міндетті емес.Бұны отбасының барлық мүшелерінің ескергені жөн. Көп жағдайда әйелдер күйеуінің балаларымен достасамын деп қарама-қарсы нәтижеге тап болуы мүмкін. Себебі, балалар ондай достықты қаламауы мүмкін. Сондай-ақ, балалармен араласуға олардың әкесі, анасы, немесе балалардың өздері қарсы болса, қарым-қатынас құрудың қажеті жоқ. Еріксіз дос атану ешкімнің қолынан келген емес.

2. Жаңа әйел күйеуін толығымен қабылдау керек. Бұл дегеніміз, күйеуінің оған дейін отбасылы болғанын, оның бірінші әйелі және балалары бар екенін жоққа шығармау. «Енді сенің жаңа отбасың бар, сенің орның осында» деп, алғашқы отбасымен араласуға бөгет жасау — ең үлкен ақымақтық.

3. Әкесінің жаңа әйелін балалары көп жағдайда суық қабылдайды. Олардың жүрегін бірден жібітуге тырысудың қажеті жоқ. Жаңа келген әйелге бір нәрсені естен шығармау керек: балалар бұл отбасында одан әлдеқайда ерте пайда болды. Сондықтан жаңа әйел балаларды қабылдамайды, балалар жаңа кісіні қабылдау керек. Бұл балалардан үлкен батылдықты талап етеді. Жаңа келген адам оларды заңды орындарынан ығыстырып жатпағанды түсінген балалар, уақыт өте қарым-қатынастарын өзгерте бастайды.

4. Жаңа әйелден туған балалар алғашқы балалардың орнын баса алмайды. Бұл — иерархия заңдылығы. Алғашқы балалар әкесінің өмірінде әрқашан бірінші орында (балалар әкесімен арыласпаса да), жаңа отбасында туған балалар әрқашан екінші орында болады. Бұл жерде «бірінші» деген ұғымды «басты» деген ұғыммен шатыстырмаған жөн. Бұл орындарды ауыстыру — иерархия заңдылығын бұзу. Табиғат заңдарын бұзғанда жақсы нәрсе шықпайды. Ал сол заңдармен үйлесімді өмір сүре білген адамдар шын бақытқа жетеді.

5. Күйеуінің балаларымен танысып, тіл табысамын деген әйел балаларды бірден үйге шақырмай, кездесуді бейтарап жерде өткізген дұрыс. Бұл балаға да, әйелге де өздерін тең сезінуге мүмкіндік береді. Бұл кездесулер тек балалардың әйкесінің және анасының рұқсатымен өту керек.

6. Жаңа әйелде күйеуінің бірінші отбасының балаларына деген агрессия, жек көрініш сезімі туатын болса, бұл әйелдің ішіндегі бұзылған отбасының алдында өзін кінәлі сезінгенін білдіреді. Ол сезімнен арылмайынша, отбасылық гармонияға қол жеткізу қиын. Бұл тұрғыда жаңа әйелге күйеуімен ашық сөйлесу, өз-өзін кешіру, психологтың көмегіне жүгіну сияқты шаралар көмектеседі.

Ақпарат комоде.кз сайтынан алынды

Пікір жоқ

Пікір қосу