Ең жас сайт жасаушы үйленбекші

2
1131

ҚазНеттің сұраныстағы он жігітінің ішіндегі ең жасы, қазақ интернетінде QARASAQAL деген лақап атпен танымал, IT маманы, сайт жасаушылардың ең жасы, «Айтабер» блогтұғырының админі Садық Шерімбек өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде жақында отбасын құрып, шаңырақ көтеретіні жайлы хабарлады.

Осыдан жеті ай бұрын ғылыми жаңалықтар конкурсында танысқан Мадина атты сұлу қызбен танысқан Садық, «Сен менің бақытымсың, іздеген өмірден» деп ағынан жарыла жүріп, сол сұлу қыздың жүрегін жаулап алып, өзінің аяулы бақ құсы етіп шаңырағына қондырмақ.

Блогер QARASAQAL, Айтабер сайтында жазған блогында былай деп жүрегіндегі сезімін жария етіпті: «Ақ гүлім! Сенің жанарыңдағы жанған сәулеңмен, менің мұздаған тұла бойымды жылып жүргенің үшін тағдырыма алғысым шексіз. Даусыңды естігенде дүниелік бүкіл сұлу әуенді ұмытып, бейне бір жұмаққа түскендей күй кешемін. Махаббат өлшететін болғанда, мендегі сезімді бүкіл галактикадан көретін едің. Мен өмірімде сенен басқа адамды көре алмайтындай «мәжнүн» жағдайға жеттім. Менің қисық мінездерім мен кейде көп нәрселерді дұрыс бағалай алмай қала беретін кездерім болса да, мен қандай болсам сондай қалпымда сүйетінің үшін, менімен бірге екенің үшін рахмет саған!»міне, осындай сезімге толы толы хаттар мен романтикалық істер жасаған Садкоға отбасылық бақыт тілейміз!

ҚазНеттің сұраныстағы он жігітін жазғанымызға көп болмады, дегенмен Садық осы тізімдегі осы аз күнде шаңырақ көтергелі отырған екінші жігіт.

Екі жастың шаңырақ көтеру тойы және Садықтың болашақ жан-жары жайлы ақпаратты келесі жаңалығымыздан білетін боласыздар.

2 Пікір

Пікір қосу