Джоли Питтің 50 жасына жүрек пішінді аралды сыйға тартты

1
1127

Әлемдік танымал жұлдыздар Анджелина Джоли мен Брэд Питтің махаббаты жұрт қызығарлықтай. Әлемдегі ең жарасымды және ең берік жұп  ретінде танымал жұлдыздар 6 ұл мен қызды тәрбиелеп өсіріп отырған бақытты шаңырақ иелері.  Анджелина Брэдке сыйлаған арал

Анджелина Джоли мен Брэд Питтің махаббатттарының тағы бір дәлелі ретінде, Джоли 18 желтоқсан күні болатын жолдасының 50 жасына 12 млн $ тұратын жүрек пішінді арал сыйға тартты деп хабарлайды, батыстық басылымдар.

Арал, Нью-Йорк қаласынан 50 шақырым жерде орналсқан. Аралда орналасқан 1950 жылы салынған үйді Брэд Питтің жақсы көретін архитекторы Фрэнк Ллойд Райтом қайта жөндеу жұмыстарын жасап шыққан.

Аралда орналқан үйдің ішінде қызыл ағашпен қапталған үлкен ас үй мен жаздық алаң бар.

Анджелинаның ойынша бұл Брэд үшін ең керемет сыйлық болмақ.

1 пікір

  1. Жағамды ұстадым ) Осындай да болады екен! Тамаша сыйлық ) Пи Эс: Бред Питт те елуге келiптi-ау… )

Пікір қосу