Джессика Симпсон тұрмысқа шықты

1
1102
Джессика Симпсон тұрмысқа шықты

5- шілде күні танымал әнші, актриса Джессика Симпсон өзінің балаларының әкесі Эрик Джонсонға Санта-Барбарада орналасқан San Ysidro ранчосында тұрмысқа шықты.

Жас жұбайлар «People» журналына берген сұхбаттарында өздерінің шексіз бақытты екендерін жеткізген:

Біз шексіз бақыттымыз, бір-бірімізге мәңгілік бірге болу антын бергенімізге сондай қуаныштымыз. «Иә, мен келісемін» деген сөзді сондай бақытпен достарымыздың, туыстарымыздың ең бастысы балаларымыздың алдында айту бізге үлкен қуаныш сыйлады. 

33 жасар Джессика Симпсон испандық дизайнер Carolina Herreraға тапсырыспен тіккізген той көйлегін киген.

Джессика Симпсон той көйлегі

Тойға жас жұбайлар 250 адам шақырған. Оның ішінде танымал жұлдыздардан әншінің сіңілісі Эшли Симпсон, Джессика Альба және Кэш Уоррен келді.

Джессика Симпсон отбасымен

Естеріңізге сала кетсек, Джессика күйеуімен 4 жыл бұрын кездесе бастаған: екеуін ортақ достары таныстырған. 2010 жылдың қарашасында Эрик өз ғашығына рубин көзі бар жүзікпен тұрмысқа шығу ұсынысын жасаған болатын. Алайда, той екі рет кейінге шегерілген, себебі әншінің аяғы жүкті болған.

Джессика Симпсон күйеуімен

Джессика мен Эрик екеуі үшінде бұл неке- екінші. Джиссика Симпсон 2002 жылдан 2006 жылға дейін әнші Ник Лашеның жары болған. Ал Эрик Джонсон 2005 жылдан 2010 жылға дейін Кери Джонсонмен некеде болған.

Жұлдыздар той кезінде қонақтарынан ұялы телефондарын жинап алған, олардың той суреттерін тек бір ғана басылым шығару құқына ие болған.

1 пікір

Пікір қосу