Дженнифер Энистон тұрмысқа шығады

0
763
Дженнифер Энистон сүйіктісі Джастин Теруге тұрмысқа шыққалы жатыр

Актриса Дженнифер Энистон сүйіктісі Джастин Теруге тұрмысқа шыққалы жатыр. Қос ғашықтың жақындары екеуінің үйленетін күндерін белгілеп қойғандарын айтады. Алайда, БАҚ өкілдеріне тойдың болатын күні әзірге белгісіз. 

Дженнифер Энистон

Дженнифер Энистон мен Джастин Теру үйлену тойларын тек жақындарының ортасында ғана атап өтпек. «Дженнифердің қуанышында шек жоқ! Ол бұл күнді өміріндегі ең бақытты күн деп есептейді»,- деді актрисаға жақын адамдардың бірі. Ал қос ғашық тойға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Белгілісі, Энистон мен Теру неке қию салтанатының болатын күнін белгілеп қойған. Бірақ тойдың нақты қай күні болатынын ғашықтар әзірге құпия сақтап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 45 жасар Дженнифер Энистон  43 жасар Джастин Терумен 2011 жылдан бері кездесіп жүр. Танымал актриса Брэд Питтқа 2000 жылы тұрмысқа шығып, 2005 жылы ажырасып кеткен болатын.

Ақпарат lite.bnews.kz сайтынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу