Динара Қырықбаева ұзатылды

2
7195

Талантты жас әнші Динара Қырықбаева кеше, яғни 24 — мамыр күні ұзатылды. Динараның таңдауы 1985 жылы туған Талдықорған қаласының тумасы Олжас есімді азаматқа түскен.

21 жасар әнші Динараға 5- мамыр күні сүйгені ұсыныс білдіріпті. Бұл жайында өзінің инстагрымнда «05.05.2015» деген атпен сүйіктісі ұсынған гүлдер мен жүзігін салған.

11240463_366826016855076_1490969444_n

Сондай-ақ, 10- мамыр күні әншіге қазақтың салтымен сырға салынған. Бұл жайында әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желісінде сүйінші сұрады. Себебі, Динара Гүлнұр ханымға әрі келін, әрі абысын болып келеді. Екеуі де Талдықорғандық ұлы жүздерге келін болған.

11252886_1595666864051310_902847518_n

Кеше, яғни 24- мамыр күні Динара Алматы қаласының бір үлкен ресторанында ұзату тойын жасады. Той залы Динараның сүйікті түсі сия көк (фиолетовый) түсімен сәнделді. Тойды азулы асабаның бірі Азамат Сатыбалды мен Гүлжан ханым басқарса, қазақи салтты насихаттап жүрген «Дариға шоу» орталығы тойдың сәнін келтіріп бимен-жырдан шашу шашқан.

11372425_1598707977075111_1027603806_n

Тойды әнші қыз өз жары Олжаспен бірге «Держи Меня» әнімен бастаған. Тойға бас құдағи болып келген Гүлнұр Оразымбетовадан бастап, Құралай мен Мирас, Меруерт Түсіпбаева, Әділет Жеңіс, Қайрат Түнтеков, Сейфуллин Жолбарыс, «Ринго» тобы сынды танымал адамдар келді. Тойды ұйымдастыруға танымал асабалардың бірі Руслан Ысқақ көмектескен екен.

11379865_1625739747671583_42996747_n

11273062_831013436982693_225101368_n

11363881_101837423488332_1774878663_n

11246743_869596629768849_974794176_n

11379168_1577237662543951_1142905493_n

Өмірдің жаңа парағын ашқан әнші Динара Қырықбаеваға неке.кз сайты бақыт тілейді! Аттаған қадамыңызға нұр жаусын, еліміздің мақтаулы бір отбасы болуларыңызға тілектеспіз!

2 Пікір

Пікір қосу