Диета

0
1933

Тұрмысқа шығар алдында көп қыздар міндетті түрде сымбатты ретке келтіру керек деп ойлайды. 1- сұрақ әрине, қалай тез арықтауға болады? Арықтауға шешім қабылдау әрине өте дұрыс шешім. Себебі, өзіңіз қалаған әдемі ақ көйлекте армандағаныңыздай болу үшін диета сізге керек ақ. Бірақ, өзіңіз тым арық болсаңыз бұл бөлім сізге емес.

Бастысы бүгінгі салмағыңызды жазып қою керек, апта соңында өзгерісті салыстырып қанша азайғанын жазып отырасыз. Сонымен:
1. Су ішіңіз. Қайнатылмаған таза табиғи су ішіңіз ең кем дегенді 1,5 -2 литр су ішіңіз. Шай, сок, кофені қоспағанда 2 литр шығуы керек. Өз қолданысыңызға қарай уақытқа бөліп алып ішіңіз.diet002

2. Жаттығу залына баруға дәл қазір қаражат пен уақыт жоқ болса, диетаға көмек ретінде ең оңай жаттығу түрлерін жасаңыз. 15 минут секіртеден секіріңіз және 15 минут қатты әндерге билеңіз. Өзіңізге ұнайды деген 5 әннен әр күнге дайындап алыңыз, әрине әндер көбіне қатты қозғалысқа алып келетін әндер болғаны жақсы және өзіңізге ұнамайтын дене бөлігін қимылға келтіретін жаттығу түрінде билеңіз.

3. Өзіңіздің жасыңызға сәйкес таңертең, кеште отырып тұрыңыз. Мысалы, жасыңыз 25 те болса таңертең 25 рет+ кешке 25 рет. Күніне көп жаяу жүріңіз. Көбірек далада жүруге тырысыңыз.

Пікір жоқ

Пікір қосу