«Рэкетир-2» фильмінің актері Дастен Шәкіров үйленді

0
2030

«Рэкитер-2» фильмінің актері, белгілі тележүргізуші Дастен Шәкіров отбасын құрды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дастеннің өнердегі әріптесі Әсел Сағатова Instagram желісіндегі парақшасында сүйінші сұрап: «Актерлер тобы Дастеннің тойындамыз. Жас отбасыға бақыт тілейміз!«, — деп жазды. Тойға Асылхан Төлепов, Жандос Айбасов, Максим Акбаров сияқты белгілі актерлер қатысты. Дастеннің қалыңдығының есімі — Ботагөз. Ол бір апта бұрын ұзатылды.

1434230592gfk4q 1434230592bge57

Дастеннің жары болған Ботагөздің жеке тігін салоны бар, жастардың кездесіп жүргеніне 3 жылдан астам уақыт болған.

14342305928s9p0 11325963_102545460087559_1826239452_n

Айта кетейік, Дастен Шәкіров көрерменге «Жаным» телесериалы арқылы танымал болды. Ол 2015 жылдың мамыр айында көрсетіле бастаған «Рэкитер-2» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Актердің айтуынша, фильмдегі образы үшін ол 12 келі салмақ тастаған.

Пікір жоқ

Пікір қосу