Дастархан басына шақыру

1
2661

Асып –тасып қуанышы, жер-көктің,

Шаршы топты шат сезіммен тербеттім

Баршаңызды дастарханға шақырам,

Ағайындар, кәне, төрге төрлеткін

 

Ақ ту қадап армандарға алдағы ,

Қос көгершін көкке бүгін самғады.

Отау тікті қол ұстасып екі жас,

Орындалып ата-ананың арманы.

 

Өмір алда,

Өткелдерден өтер көп,

Ата-ана мәз, бір баласы екеу боп.

Құда-жекжат,

Туыс-туған жиналды

Шаттық ортақ, осы тойда бөтен жоқ,

 

Берік болсын босағасы жастардың

Ассын биік ассуынан асқардың

Жас жұбайлар тойың-тойға ұласып,

Отау болсын  өнегелі қос балғын.

1 пікір

Пікір қосу