Дастарханға келіңіз!

0
1502

Сіздә және танысыңыз (жігітті қыз немесе қызды жігіт) сыйлы мейман ретінде мейманханаға қонаққа шақырды. Әрине, сіздің үй иелеріне, өзіңізбен бірге шақырылған қонақтарға ұнағыңыз келеді, кешті жақсы өткізуді ойлайсыз. Бірақ та  бөтен үйге келгеннен кейін сіз өзіңізді ыңғайсыз сөзіне бастағандай болар едіңіз. Оған себеп этикет бойынша дастархан басында отырып, тамақтану ретін жақсы біле бермейтініңіз. Стол басында өзіңізден өзіңіз қысылыңқы күйге ұшырайсыз. Қолыңыз да кенеттен ебедейсіз болып кеткендей, оны қайда сыйғыздырарыңызды білмей сасасыз. Алдыңызға әкеліп қойған қос сүлгіні (салфетканы) қалай пайдалаундың ретін таппайсыз… Шанышқы мен пышақты алған едіңіз, сөйтсе оны олай ұстамайды екен.. Әрі осы кезде столға сіз аса сүйе қоймайтын тамақты әкеліп қойды делік. Сіз шақырған адамды ренжітпейін деп риза кейіп танытқандай болып жей бастайсыз. Қысылы, бірдеңені бүлдіріп алмайын дегендей қуыстанып отыратын жанға айналасыз.

Бәлкім, кейін үйіңізге келгеннен соң да, сіз өзіңіздің сол стол басында ортаға лайық отыра алмағаныңызға өкінесіз де, сосын бұған қалай үйрену керек деген сауал қоярыңыз анық.

Рас, дастархан басында өзін өзі ұстай білу, ұнасымды отырып, әдемі тамақтана білу де адамның мәдениеттілік деңгейін көрсететін сипат болып табылады. Сіздерге біз міне, осындай жағдайда өзіңізді қалай ұстауды ас үй кеңесі айдарының келесі жазбаларымында жазатын боламыз.

Пікір жоқ

Пікір қосу