Дәмдеуіштер қосылған тауықтың сүбе еті

0
1637
Дәмдеуіштер қосылған тауықтың сүбе еті

Дайындалуы тез, дәмді әрі пайдалы тағамдардың бірі — дәмдеуіштер қосылған тауықтың сүбе еті.

Ол үшін:

1 кг тауықтың сүбе еті, сүйексіз, таза ет.
2 болгар бұрышы
200 гр көк пияз
1 шәй қасық тұз
1 шәй қасық кориандр
1 ас қасық паприка (тәтті қызыл бұрыш ұнтағы)
1 шәй қасық кептірілген сарымсақ ұнтағы
2 ас қасық сұйық май (зәйтүн майы, зығыр майы, пісте майы, мақта майы және т.с.с кез келген май)
Дәмдеуіштер қосылған тауықтың сүбе еті IMG-20150102-WA0002 IMG-20150102-WA0003
Алдымен тауықтың сүбе етін кесек етіп бөліп, қызыл және сары болгар бұрышын шағын текшелерге майдалап турап, көк пиязды кесіп бәрін араластырамыз. Содан соң дәмдеуіштерді қосамыз. Бәрін жақсы етіп араластырып, пеште пісіруге арналған пакетке салып, 220 градуста 55-60 минут пісіреміз.
Асханада болған Айжан Табын

Пікір жоқ

Пікір қосу