Қыз жолдас болу да өнер!

Қалыңдық атанған құрбыңыз өміріндегі ең маңызды сәтте жанында сізді көргісі келіп, қыз жолдас болуға ұсыныс жасап, үміт артты. Ұсынысын қуана қабыл алған сіз үшін бұл мәртебе екені анық. Мәртебеден бұрын — жауапкершілік. Себебі, той күні әдемі көйлек киіп, қалыңдық жанындағы сұлу қыз болып тұрудан бөлек біраз еңбекті талап ететіні анық. Ең керемет қыз жолдас болу үшін не … Читать далее

Келінді отқа шақыру дәстүрі туралы

Келін түсіп «құтты болсын»айта келген адамдардың аяғы саябырлай бастағанда, жігіт ауылындағы туыс-туған, көрші-қоландары келінге өздерінің от жаққан жерін көрсетіп, үлкен-кіші  бала — шағаларымен таныстырып, бұдан кейін барып — келіп, алып — беріп тұруына қолайлы болу үшін, бірінен соң бірі қонаққа шақырады. Міне, бұл «келінді отқа шақыру » деп аталады. Отқа шақырған үйлерге келінді қайын сіңлілерін не жарын ертіп барады, әрі … Читать далее

Нартай мен Жанаттың тойының беташары

беташар дәстүр өлені

Ұлы жүз Албан атасы, Қожбанбет баба баласы Атагелді, Құлмұханбет Бабалардың бабасы. Ешкімнің жоқ таласы, Мәлікаждар жұрттың данасы Мәжін атаң молда екен, Жұртының болған жағасы. Изатбек атаң дихан боп, Астықтан тұнған даласы. Тектіден туған ұрпақтың, Әулетіне түстің келін боп, Ата баба аруағына иіліп салем, Иіліп салем жасағын. Ата бабалары: Атагелді, Құлмұханбет, Мәлікаждар, Жақыпбай, Мәжін, Изатбек. Ұстаздардың … Читать далее

Беташар салт дәстүрі неліктер болып жатыр?

беташар дәстүр өлені

Беташар— мазмұны жағынан басқа кейбір халықтардағы жырларға аздап ұқсағанымен, түр жағынан тек қазақтар мен қарақалпақтарда ғана кездеседі. Қалыңдық қайын жұртына неліктен бетін жауып келеді? Әлде шынында да, бұл бір кездегі діни соқыр сенмнің қалдырып кеткен мұрасы ма? Егер тереңдей зер салсақ, басқа бір басқандай сырды ұққандай болар едік. Айталық, қыз баланың жат жұртқа кетуі жай … Читать далее

«Өлтірі» мен «Той малы»

Өлтірі (дәстүр). Отау құратын жастардың екі жақ келісімі нығайған соң, күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп өлтірі кәделі мал жылқы жіберіледі. Өлтірі деген «Өлі мен тірі арасында адалмыз, Құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызды жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. Өлтірі «өткен соң өлген күйеу жатпайды» деп бұдан кейін қалыңдығына ұрын баруына жол ашылады. … Читать далее

Қытайдағы қазақ жастары атпен тойсеруенге шықты

Ел есінен көтеріліп, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында Қытайдағы қазақ жастарының атпен тойсеруенге шығып, қыздың жасау-жабдығын түйелі көшпен шығарып салуы сәнге айналып барады. Бұл туралы Xalhar.net сайтына сілтеме жасай отырып Massaget.kz тілшісі хабарлайды. Бүгінде қазақ арасында той тек шаңырақ көтеріп, отау тігу немесе қыз ұзату емес, бәсекеге, мал шашпақтыққа, орынсыз шығынға айналып кеткені белгілі. Дәл осы үрдіске … Читать далее

Құдалықтың түрлері

құдалық дәстүр қалай өтеді кудалык

Қазақ салт-дәстүрінде бала ер жетіп, қыз балиғатқа толған шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз. Қазақта «балиғат» деп 13-ке толған қыз баланың жасын атайды. Ал, осы жастағы ұл баланы «ер жетті» деп атайды. Қазіргі кезде қолданылып жүрген «кәмелетке толу» ұғымы жасөспірімдік шақтың соңы болатын 16-18 жасты белгілейді. Халық түсінігі бойынша жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, … Читать далее

Құйрық — бауыр жегізу салт-дәстүрі

құйрық бауыр той салт дәстүр дастур

Қыз ұзатып, келін түсіретін әр шаңырақта «Құйрық бауыр» асату салты жасалады. Құйрық-бауыр құдалықтың басты заңдарының бірі. Оны әр жерде әр кезде беріледі. Мысалы: құдалар келген де немесе кетерге қарай. Бұл  салт тек қазақ еліне тән ұлтық  салт-дәстүр. «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген мәтел осыдан қалған… Бұл құдалық  дәстүр рәсімі болғанмен орны бөлек жай. Жаңадан келіп жатқан құдаларға ұсынылатын … Читать далее

Заңды некелеріңмен!

неке той заң фото үйлену

Сендерді заңды некелеріңмен туысқандық сезіммен, ыстық ықыласпен құттықтап, мықты денсаулық, бақытты өмір, қызық пен қуанышқа толы күндер тілейміз!   Жүруші ек қуанышқа елең етіп, Өскен жердің самалы желпіп өтіп. Екеуіңді шын ниетпен құттықтауға Жан-жақтан барлығымыз келдік жетіп.   Арнасақта ақ тілекті әуел бастан, Өмірлерің сенің үлкен дастан. Қараймыз екеуіңе зор үмітпен, Дегендей ақыл жастан, асыл тастан.   … Читать далее

Табақ тарту салт-дәстүрі және оның ережелері

табак калай тартады табақ тарту ереже салт дәстур

Келін болып түскеннен кейін үйге қонақ келмей тұрмайды. Үйде енеңіз болса, онда сізге бұл іс өте оңай болады. Ал енеңіз болмаса, онда сізге табақ тартуды үйреніп алған дұрыс болады. Жалпы, табақ тартуды білген жөн. Бүгін «Табақ тарта білесіз бе?» деген тақырыпты ұсынып отырмыз. Бүгінгі жас — ертеңгі отау иесі. Сыйлы қонақты төріне шығарар отағасы, абзал ана. Сондықтан, … Читать далее