Бүгін Талғат Жорабаевтың үйлену тойы болады

1
5609
Талғат Жорабаев үйлену той

Бүгін, яғни тамыздың 20-сы күні Шымкент қаласында танымал әнші Алтынай Жорабаеваның інісі әнші, актер Талғат Жорабаевтың үйлену тойы өтеді. Бұл туралы әншінің инстаграм желісіне жариялаған шақыру билетінде жазылған. 

Талғат Жорабаев үйлену той

Тоқтама.кз сайтының берген ақпаратына қарағанда, тойға Асанәлі Әшімов бастаған бір топ өнер майталмандарымен қатар Талғаттың өнердегі достары келеді деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Динара Қырықбаева, Нұрсұлтан Батырқұлов, Қайрат Нұртас және тағы басқа әншілер бар.

Талғат Жорабаев

Кешегі күні екі жастың құдалық рәсімі өткен.  Той күні Талғат Жорабаевтың жары Аяулым еуропалық стильдегі қалыңдық көйлегін киетіні белгілі болған. 

Талғат Жорабаев жары Аяулыммен

Естеріңізге сала кетсек, маусым айында Аяулымның ұзату тойы болып Талғат Жорабаев аяулы жарын қолына қондырып шаңырақ көтерген болатын. Ал, үлкен тойды Рамазан айының аяқталуынан кейін жасайтындарын айтқан болатын.

Талғат Жорабаев жары Аяулыммен

Әншінің жары Аяулым– қарағандылық бойжеткен. 1989 жылы туған арумен әнші “Вконтакте” әлеуметтік желісі арқылы танысыпты.

Неке.кз сайты жастарға бақыт тілейді! Құрған отбасылары берік болсын!

Суреттер әншінің инстаграм әлеуметтік желісінен алынды. 

1 пікір

Пікір қосу