Бойдақтықпен қош айтысу алдындағы жігіттермен отырыс

0
1014
malshishnik Мальчишник бойдақпен қоштасу
malshishnik Мальчишник бойдақпен қоштасу

Бойдақ жігіттен білдей бір үйдің отағасына айналғалы тұрған шағында, достарыңмен жиналу дәстүрі көп елде бар. Біздің елде жігіттер қыз ұзату орындалған жерде ғана «жігіттермен отырыс» (мальчишник) жасайды.

Жаныңа жақын достармен басқосуды ұйымдастыру той рәсімін ұйымдастырудан бірде-бір кем емес. «Пәленше үйленер алдындағы отырыста ше?!» деп айтып отыратындай кеш өтуі үшін дайындықта соған сай ерекше болуы керек. Жігіттердің басқосуында айтарлықтай дәстүрлер мен қағидалар жоқ, дегенмен көңілді кештің бірнеше белгісін атап өтуді жөн көрдік.

Өз ортаң

Жан достарыңның жылы тілегінен артық қандай тілек болсын?! Олардың ортасында көңілің марқайып, валюта курсынан бастап, көліктің жаңа маркасына дейін не нәрсе болса да, қандай тақырыпта болса да, әңгіме — дүкен құра аласың. Мектеп кезінен бастап түрлі қызықтарды еске түсіріп, бір толқып, бір күлу де бір ғанибет емес пе? Өмірдің түрлі кезінде отқа да, суға да бір түскен достарыңның сенің қуанышыңа шын қуанары сөзсіз!

Жігіттер ғана жейтін ас-ауқат

Қыздарға қарағанда, жігіттердің қағидалары мүлде басқа. Шат-шадыман қыдырысқа мыңдаған теңгені бір-ақ шашатын мәрт жігіттер дастарханында жігіттер ғана жейтін тамақтар тұруы керек. Қуырдақ, манты, котлет, қазы — қарта… Бұдан өзге, қаймақты сыра, «бөдене жұмыртқасы» секілді экзотикалық мәзірлер де ұсынуға болады. Дастархан жасау ісі қыздардың мойнына жүктелетіндіктен, дастархан дайындайтын адам осы компанияның сүйікті тамағын дайындаса, нұр үстіне нұр болмақ.

malshishnik Мальчишник бойдақпен қоштасу
Көңіл көтеру

Бойдақтық өмірге қош айтысудың алдында тұрып, жалындаған өмірдің қызықтарынан жақсылап тұрып дәм татып қалсаңыз, айып емес. Достарыңмен бірге ыстық саунаға барып, картингте жарысып, пейнтбол алаңында атысып, парашюттен секіріп,  караокеде бар даусыңмен айғай сап, ән шырқауға да кеңес береміз.

Көп жігіт жігіттермен басқосуды үйде өткізсем бе, әлде мейрамхана жалдасам ба деп бастары қатып жатады. Бастысы — қайда өткені емес, қалай өткені мен қалай ұйымдастырғаныңызда….

Пікір жоқ

Пікір қосу