Блогерлердің үйлену тойындағы суреттері

5
3241

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен?
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен? — деп ақындар жырлағандай үйлену тойын дүбірлетіп жасаған, қазақ интернетіне өз үлесін қосып жүрген блогерлердің үйлену той сәттерінен суреттер ұсынамыз.

Керекинфо сайтының блогері, КВН жұлдызы Алдан Жылгелді мен Қаратаева Зухраның үйлену тойы Ақтөбе қаласы «Қазақстан» мейрамханасында 2005 жылы 13 тамыз күні болды. Қазіргі таңда Астана қаласында тұрады. 3 бала тәрбилеп отырған үлгілі отбасы. «Балаларының қызығын көріп, махаббаттары баянды болсын» деген тілек айтамыз!

Киностан сайтының админі, танымал блогер Ернар Бекенов  Мухамбетова Светлана есімді арумен 2010 жылы 10-қазанда  шаңырақ көтерді. Екі жасқа баянды махаббат тілейміз!

Керекинфо.кз сайтының блогері Gastarbaiter нигімен танымал Асқар Базарбай мен Альмира Камзанова 2007 жылы Solai.de сайтының форумында танысқан екі жас, 2010жылы шаңырақ көтерді. Қазіргі таңда Шиеліде екі қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Қыздарының қызығын көріп, шаңырақтың иесі болып қалар ат ұстардың тезірек дүниеге келуіне тілектеспіз.

Керекинфо.кз сайтының блогерлерінің көбі отбасылы жігеттер, солардың бірі- Жанасыл Болатбек. Жанасыл 2011жылы 4-қыркүйек  күні Түркістан қаласында Пернебекова Рысгүлмен шаңырақ көтерді. Дінасыл есімді ұлдары бар. Жанасылдың шаңырағына бақыт және де Дінасылдың іні-қарындастарының көбеюін тілейміз.

Айтабер.кз сайтының блогері kema нигімен жүрген Кемел Наушек жақында шаңырақ көтерген жас отбасылардың бірі. Жары Әлия Наушек. Тойлары Астана қаласында өтті. Жас шаңырақ иелеріне баянды махаббат, ұзақ өмір тілейміз.

Басқа блогерлердің той суреттерін келесі жазбамыздың оқитын боласыздар.

5 Пікір

  1. Сіздердің сайттарыңыз ұнайды, қызықты жазбалар да көп. Бірақ фото көру функциясы ыңғайлы емес, сол ұнамайды:(

Пікір қосу