Блейк Лайвли мен Райан Рейнольдс тұңғыш сәбилерін күтуде

0
654
Блейк Лайвли мен Райан Рейнольдс

Блейк Лайвли мен Райан Рейнольдс тұңғыш сәбилерін күтуде, бұл жаңалықты «Сплетница» телехикаясының жұлдызы Блейк Лайвли өзінің жеке сайтында жазды.

Актриса өзінің блогында «Preserve» атты болашақ аналардың суреттері салынған топтамасында өзінің іші шығып қалған суретінде қоса салды.

Блейк Лайвли

Суреттің авторы жұлдыздың інісі Эрик Лайвли.

Блейк Лайвли үшін де және оның күйеуі Райан Рейнольдс үшінде бұл сәби алғашқы сәби болмақ.  2012 жылы отбасын құрған жұлдыздар өздерінің ата-ана болғысы келетіндері жайлы әр сұхбаттарында айтқан болатын. Актерлар  2011 жылы  «Зеленый фонарь» фильмінің түсірілімінде танысқан болатын, 2012 жылы қыркүйек айында екеуі құпия түрде Оңтүстік Каролинада үйленген.

Пікір жоқ

Пікір қосу