Отағасының бір жылы

1
3178
Еркін Шәкір жары Альбинамен

Біз қашан да тату отбасы мен жанұялық бақытты бірінші орынға қоятын халықпыз. Көбіне жанұялық бақыт бір ғана әйелге байланысты деп ойлайтын отағалары өте көп. Негізінен олай еместігін біз сіздерге бір жылдық жанұялық тәжірбиесі бар «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таң шолпан» бағдарламасының журналисі Еркін Шәкірұлының ойымен дәлелдегіміз келеді:

Мен болашақ жарыммен ғаламтор арқылы танысқам. 2012 жылдың сәуір айында алғаш рет жазыса бастадық. Ә дегеннен сөзіміз жараса кетті. Көп ұзамай бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Арада үш ай өткенде Алматыда жолықтық. Кейін күзге таман Астанада кездестік. Ғаламтор арқылы сөйлесіп жүріп-ақ үйленетін боп келістік. Көп ұзамай тойымызды белгіледік. Қарашаның 10-ы күні Астанада Қыз ұзату тойы өтті. Дәл бүгін отбасын құрғанымызға – 1 жыл.

Отбасын құрмай тұрғанымызда «ешқашан ұрыспайықшы, қатты дауыс көтеріп айқай болмасын» деп келіскенбіз. Еркін мен АльбинаМіне жыл өтті. Кейде жігіттермен футбол ойнайсың, кешігіп қаласың бірақ содан шу шығаратындарды да кездестіріп жүрміз. Бір жерге баратын болсам  заттарымды дайындап, ас-суымды сөмкеме салып береді. Ризашылығымен шығарып салады жарым. Менде оның көңілін көтеруге тырысам. Көтпеген сыйлықтар жасағым келеді. Ол да менің мұңайған сәтімді көргісі келмейді. Жұмыстан шаршап келсем әлсірегенімді тез ұмыттырады. Осының бәрі еркектің көңілін табу. Отбасының беріктігіне әкеледі.

Әйел қылықты болу керек деп жатады. Оның қылығы түзде емес, үйдегі жарына арналуы тиіс. үйдегі әйелден береке таппаған еркектер қаншама. Әйелге зекіп сөйлеп абырой таппайсың. Мен жұбайыммен сәл келіспей қалсақ ол сөйлеп қалса мен үндемеуге тырысам. Мен сөйлеп қалсам ол үнсіз қалады. Егер екеуі де бір бірін тыңдамаса сонда болады ұрыс-керіс. Аллаға шүкір әлі күнге дейін әйеліме зекіп ұрысқан емеспін. Бір жылдың өзі оңай емес. Қаншама дүниелер жасайсың.

Биыл екеуміз әрекет жасап баспаналы болдық. Оған керекті заттарын алып қуанып жүрміз. Еркін ұлы АлиханменӨзіңнің жеке үйіңе алған нәрсенің ләззаты бөлек болады екен. Қазан айында тұңғышымыз дүниеге келді. Атын Әлихан деп қойдық. Ортамызда еркелеп жатады. қолѓа әбден үйреніп алған. Сәл ыңырси бастаса көтереміз. Баладан артық не бар екен өзі? Тасбауыр жандар қалай тастап кетеді екен а?

Бізде қалыптасып қалған бір нәрсе бар. Мәселен бір бірімізге сәл бұртия қарап қалсақ артынша телефонға СМС жазамыз. Сен бұлай істедің, сенікі мынадай деп. Болмаса мен жаңа қате айтыппын дегендей. Бірақ ұрыспаймыз.

Біз еркектер көп жайтқа мән бермейді екенбіз. Жұбайым декретке шықпай тұрғанда киноға апару, қыдырту секілді көңіл аулайтын дүниелерді ұмытып кететінмін. Артынан бұртиып бармадық қой дейді. Біз үшін ол «ұсақ» нәрсе болғанымен, әйелдің қалауы ғой. Оны да ұмытпањыздар. Ол да отбасының татулығын арттырады. Әңгіме болады. Бір-бірлеріңді жақын тани түсесіңдер. Достармен, таныстармен араласудың өзі ғанибет. Кімнің алыс кімнің жақын екенін білесің.

Тапқан табысыңды әйеліңе апарып міне былай жасадым, енді былай қыламыз деп бөлісіп отырсаң, оғанда қуанып қалады олар. Сеніңде мойныңнан еркектік міндетің түседі. Отбасыңа жаратқаның садақа бергенмен тең дейді. Міне осындай ұсақ түйектердің өзі кейде ұлғайып кетсе, қайыра алмай жүретіндер көп. Сондықтан отбасының татулығы, бірлігі басты орында болсын.

Автордан: Еркіннің ойынан түйгеніміз, жанұялық бақыт ең бірінші махаббат пен түсіністіктен тұрады. Бір-бірлеріңіздің көңілдеріңізді аулап алғаш кездесіп жүрген кездегі сезімдеріңіз бен сәттеріңізден айырылмаңыздар.

Біз өз кезегімізде, бүгін шаңырақ көтергендеріне бір жыл толған Еркін мен Альбинаны құттықтағымыз келеді. Көтерген шаңырақтарың биік болып, махаббатырың берік бола берсін! Алихандарыңыз үлкен азамат болып, сіздерге қызығын көрсете берсін!

1 пікір

Пікір қосу