Бейбіт Ыстыбаев әке атанды

0
2164
Бейбіт Ыстыбаев әке атанды

2012 жылы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы атанған палуан Бейбіт Ыстыбаев әке атанды. Кеше Бейбіттің жары Әйгерім дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев пен Бағлан Әбдірайымов Инстаграм парақшасы арқылы хабарлады.
Ыстыбаевтардың отбасында үлкен қуаныш. «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы алғаш рет әке атанды. Палуанды Инстаграм парақшасы арқылы Сәкен Майғазиев құттықтап, ақ тілегін жеткізді. «Сүйiншi!!! «Алланың қалауымен,тағы бiр батыр дүние есiгiн ашты. @istybayev_beibit  Бейбiтжан,балапанның бауы берiк болсын!»,- деген әнші.

Бейбіт Ыстыбаев жары Әйгеріммен

Естеріңізге сала кетсек, Бейбіт Ыстыбаев 2014 жылдың наурызында шаңырақ көтерген болатын. Екі жастың үйлену тойы спортшының туған қаласы Таразда өтті.

Бейбіт пен Әйгерімге кішкентайларыңның бауы берік болсын демекпіз.

Ақпарат внюс.кз сайтынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу