Беташар

0
2525

Беташар— мазмұны жағынан басқа кейбір халықтардағы жырларға аздап ұқсағанымен, түр жағынан тек қазақтар мен қарақалпақтарда ғана кездеседі.

Қалыңдық қайын жұртына неліктен бетін жауып келеді? Әлде шынында да, бұл бір кездегі діни соқыр сенмнің қалдырып кеткен мұрасы ма? Егер тереңдей зер салсақ, басқа бір басқандай сырды ұққандай болар едік. Айталық, қыз баланың жат жұртқа кетуі жай бой жетіп, өмірінің кезекті бір кезеңін жалғастыру ғана емес. Шын мәнінде бұл салттың түп тамыры байырғы мифтік санаға тіреледі. Қайын жұртты ол баланы бұрын көрген жоқ, оған тәрбие берген жоқ. Бұрынғы сырттай көруі бір басқа, енді өз баласындай етіп көруі керек. Осындай салтанатты сәтке ашық келсе, ол баласы көптің біріндей болып қалады. Келіні әсіресе қайын ене мен қайын ата армандай күткен таңғы нұрдай жарқ ете түседі бетін ашқанда.

Беташар,той, үйлену тойы, Беташар деген не
Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты еліміздің кейбір аймағында той асының алдында өткізіліп жүр.

Пікір жоқ

Пікір қосу