Балғынбек Имашев бес ұлдан кейін қызды болды

1
2306
Балғынбек Имашев бес ұлдан кейін қызды болды

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев бес ұлдан кейін қызды болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақын Қалқаман Сарин Facebook әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы сүйінші сұрап хабарлады.

«Ал, сүйінші достар! Алаштың аяулы азаматы, айтыскер ақын Балғынбек Имаш досымыз бес ұлдан кейін қызды болды! Бауы берік болсын! Инабатты, ибалы, иманды қыз болып өссін! Алланың берген сыйы құтты болсын, Бəкем!«, — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Қалқаман Сарин.

Балғынбек Имашев Қазақстанға белгілі айтыскер. Бірнеше халықаралық және республикалық сайыстардың жеңімпазы.

1 пікір

Пікір қосу