My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі өз қалпын бұзбай, үлкен баласымен бұрынғыша қарым-қатынасын жалғастырса, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді.

Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді. Яғни, бала өз өмірінде де, ата-анасының махаббаты мен әрекеттерінде де ешқандай өзгеріс жоқ екенін байқаса, қызғаныш сезімі басталмай жатып бітеді. Мысалы, бауыры дүниеге келген бала «әке-шешем мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп ойлай бастаса, бұл ой қызғаныш сезімінің оянуы үшін жеткілікті. Бірақ, әке-шешесі еш өзгеріс байқатпай, нәрестеге де, қызғаныш сезімі оянып келе жатқан баласына да махаббатын сездіріп, баласының қызғанышқа толы әрекеттерінен әсерленбей,  жақсы көруін жалғастырса, бала өз қалпына келеді.

Қызғаныштың ең басты себебі баланың «әке-шешемнің және үйдегі басқа адамдардың махаббатынан айрылып қаламын» деп алаңдауы екенін естен шығармау керек.

Сонымен қатар, үйдегі балалар арасындағы қызғаныштың алдын алу үшін төмендегі қағидаларды ескерген жөн:

Елжас Ертайұлы
«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы
www.facebook.com/yelzhasyertaiuly
instagram.com/yelzhas_ertaiuly_kenesshi

Пікір жоқ

Пікір қосу