Бақытты отбасының сыры

0
118

Жұбайлар бір-бірін емдейді немесе емделуге мұқтаж xалге келтіреді.

Бүгінгі күнде ерлі-зайыптылар бір-бірін өзіне тән ерекшеліктерімен  қабылдай алмағаны үшін жанұя ренішке толы «шайқас алаңына» айналуда. Жұбайлар бір-бірін өзгертуге, өзіне тән ерекшеліктерінен басқа xалге айналдыруға тырысып, «шайқасып» жүрген кезінде қамшының сабындай қысқа өмір зуылдап өтіп жатады. Егер артыңа қарауға мұрша тауып қарай алсаң, артыңнан тек қана ренішке толы жылдар мен ренжіген адамдарды қалдырғаныңды байқайсың.
Егер әйел ердің алдын орап, ердің функцияларын атқаруға бастаса, ер адам белсенділік қауқарынан айрыла бастайды. Ер адам белсенділігін жоғалтар болса, әйел агрессифті болады. Ал, егер ер адам агрессифті болып, ашушаңдыққа салынса, әйел заты шарасыз күй кешеді. Әйел шарасыздыққа түссе, екі ортада балалар езіліп, өз әкелерінен зұлымдық көреді. Сондықтан да, жұбайлар өз қарым-қатынасында өз орындарын біліп, орта жолды табуы тиіс.
Бір сәт болса да бақыттың ең басты негізі «шартсыз құрмет» пен «әр адамды сол күйінде қабылдай алу» екенін ұмытпағанымыз жөн!
Сонымен қатар, адам өзіне көрсетілген қысым мен қинаулар арқылы жақсы адам болмайды, өзі жақсы адам болуға шешім қабылдау арқылы жақсы адамға айналады.
Дәл сол секілді, жазамен қорқытып немесе сыйлықпен қызықтыру арқылы «жақсы мінез-құлыққа ие болған» баланы тәрбиелі бала деуге болмайды. Тәрбиелі бала деп бір әрекеттің қате екенін түсініп, сол әрекеттен бас тарта алатын ерік күшіне ие баланы атауға болады.
Қорытып айтар болсақ, бақытты отбасының негізін отбасы мүшелері бір-бірін ең бірінші адам болғаны үшін сыйлап, бір-бірін ауыстыруға күш жұмсағанша, оларды сол күйінде жақсы көруге күш жұмсау арқылы қалай алады.

                                                                                                                              Елжас Ертайұлы

                                                                              «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы
                                                            https://www.facebook.com/yelzhasyertaiuly
https://www.facebook.com/kenesshiyelzhas

Пікір жоқ

Пікір қосу