Қазақстанда үйлену қанша тұрады?

0
1137
тойға кредит алу

Қазақстандықтардың 90%- ы той жасау үшін банктердің көмегіне жүгінеді.

Шет елдік банктердің зерттеулері бойынша, қазақстандықтар той жасауға орташа есеппен 2 млн теңге жұмсайды және ең қызығы осы ақшаны олар кредитке алады. Бірақ, осылай үйленген жастардың 30% ажырасып тынады, деп жазады «Курсив» газеті.

Қазақстанда, Чехияда, Ресейде, Қытайда, Беларусияда, Словакияда, Вьетнамда өкілдіктері бар әлемдік банк «Хоум Кредит Банк» осы аталған жеті мемлекеттің қайсысында тойға қанша ақша жұмсайды деген зерттеулер жүргізіп көріпті. Осы зерттеу қорытындысы бойынша, ең көп шығын қазақстандықтарға тиеселі екен. Тіпті европалықтарды да артқа тастап кеткен.

Оның ішінде ең көп шығын дастархан жаюға кетеді, тойға шақырылған әр қонаққа 100$ көлемінде қаржы жұмсалады. Қазақстандықтар сондай-ақ, той көлігіне көп қаражат жұмсайды, шамамен 1 мың доллар.

Ал той залын жалға алу жағынан ресейліктер 10 мың доллармен көш бастаса, қытайлықтар той көйлегін қымбатқа алады екен (шамамен 2 500 $). Қазақстандықтар қалыңдық көйлектеріне шамамен 1000- 1 500 доллар жұмсап, ресейліктерден кейін үшінші орынға жайғасыпты.

Банк қызметкерлерінің есептеулерінің қортындысы бойынша, үйленген жастардың  29%- ы той шығынын өз мойындар алады, ал 71%- ы туысқандары мен ата-анасының көмегіне жүгінеді.  Қазақстан, Ресей, Беларусия, Вьетнам елдерінде тойдың бар мәселесі кредит арқылы шешіледі екен.

Пікір жоқ

Пікір қосу