Қазақстан эстрадасында той кезеңі басталды

0
3872
Мырзананның той суреттері

«Қаңтар айында отбасын құрмайды» деген сенімге қарамастан, отандық эстрада жұлдыздарымыз отбасын құруды жылдың басы қаңтардан бастайық деп шешсе керек. Бір емес үш бірдей жұлдызымыз отбасын құрып, тойларын тойлап жатыр.

Еліміздің бойдақ жігіттерінің қатарын екі әнші жігітіміз азайтты. Атап айтар болсақ, «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов пен «Аяла» әнімен бәріміздің жүрегімізді жаулаған жас әнші Жаңабай Өтегенов отбасын құрды.

Мырзахан Маханов отбасын құрды

Оңтүстіктің тумасы Мырзахан қолына Астананың аппақ қызы Гүлімді қолына қондырып, кеше, яғни 22- қаңтар күні,  Алматы қаласындағы Esperanza ресторанында ұлан асыр той жасап, қуанышын әріптестері мен достарымен бөлісіп жатыр. Мырзахан Махановтың тойынан суреттерді тамашалай отырыңыздар:

Ал қалыңдықтың ұзату тойының қараша айында болғанын естеріңізге сала кетейік.

Жаңабай Өтегенов тойы

Ал,  былтыр «Саз әлемі» бағдарламасында «Аяла» әнімен бас жүлдені жеңіп алған жас әнші Жаңабай Өтегенов тойын Ақтөбеде жасап, құсын өзінің туған жеріне түсірді. Әзірге жұлдыздың жары жайлы ақпарат толық емес, алайда толықтыратын боламыз.

Мадина Садуақасова тойы

Ал, елдің сүйікті әнщі қызы Мадина Садуақасованың тойы 2- ақпан күні Алматы қаласында болатыны белгілі болды. Біз алдында Мадинаның тұрмысқа шығатыны туралы жазған болатынбыз. Мадина Садуақасованың таңдауы танымал режиссер, «Хабар» арнасының журналисі Олжас Смағұловқа түскен болатын.

Neke.kz сайты, отбасын құрған әншілермізге жаңадан құрған отбасыларына бақыт, өздеріне шығармашылық табыс тілейді! Көтерген шаңырақтарыңыз биік болсын!

Суреттер жұлдыздардың әлеуметтік желілерінен алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу