Айсұлтан Назарбаев тамыз айының соңында үйленеді

1
2289
Айсұлтан Назарбаев

Президентіміздің немересі Айсұлтан Назарбаев тамыз айының соңында Алматы қаласында үйленеді, деп хабарлады ҚазТаг агенттігі.

Айсұлтан АлимаҚазТаг агенттігіне достары: «Айсұлтан мен Алиманың үйлену тойы тамыз айының соңында Алматы қаласында орналасқан Royal Tulip қонақ үйінің  Grand Ballroom залында өтеді», — деп бүгін хабарлаған.

Тойда Президент отбасы мен қалыңдық отбасы және екі жастың достары ғана болады. Президент Н.Ә.Назарбаев жары Сара Назарбаева екеуі жақын күндері Алматыға келіп, тойды өздері ашып беретінін хабарлаған.

23 жасар Айсұлтан Назарбаев — Сандхерст ағылшын корольдық әскери академиясының түлегі. Жақын арада ол аға лейтенант дәрежесін алған болатын.  Қазіргі кезде ҚР ның әскери штатында қызмет атқарады.

Қалыңдығы Алима Боранбаева  20 жаста. Ол- әйгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі, қазақстан мен ресейге ортақ «ҚазРосГаз» компаниясының басқарушысы Қайрат Боранбаевтың қызы. Картолд университетіндегі өнер тарихы факультетінің студенті.

Естеріңізге сала кетсек, Айсұлтан Дариға Назарбаеваның екінші ұлы. Қалыңдыққа құда түсу сәті осы жылдың мамыр айында болған болатын. 

Біз өз сайтымыздың атынан екі жасқа бақыт тілейміз!!!

1 пікір

Пікір қосу