Ая Бапанидің қанша көйлегі клипке түсіп үлгерді?

0
1742
Ая Бапани көйлектері

Еліміздің аса шебер де талантты киім дизайнері Ая Бапани бәрімізді дерлік өзінің қазақи стилімен баурап алды. Оның салтанатты әрі этникалық киім үлгілері әр қазақ қызына жарасып-ақ тұр. Содан болар, Аяның көйлегін әр қыз-келіншек киюді армандайды. Қарап отырсақ, әсіресе отандық әншілер мен медиа-персоналар жас дизайнермен жұмыс жасауды ұнатады. Төменде Аяның көйлектерін музыкалық бейнебаяндардан тамашалайық.

1. Алғашқы көйлек пен әнші — Мөлдір Әуелбекова. “Өсиет” атты бейнебаян 2012 жылы түсірілді, Мөлдірдің үстінде кейін өте танымал болып кеткен қызыл көйлек.

Бұл көйлекті былтырғы жылы ресейлік “Хочу в ВиаГру” шоуына қатысқан қазақ қызы Гүлнұр де киген болатын.

2. Келесі киім үлгісі КешYou тобы қыздарының үстінде. “Туған жер” атты бейнебаян 2013 жылы түсірілді, қыздардың үстінде оюлы матадан тігілген комбинезон.

Киімді жақынырақ мына видеодан тамашалауға болады.

3. Аяның тағы бір көйлегі шекара асты деп айтуға болады. Қырғызстандық әнші Юлия Руцкая “Аппак сүйүү” бейнебаянын 2013 жылы түсірген болатын.

4. Тағы бір көйлек үлгісін “Шафран” қыздар тобының “Елім менің” бейне баянынан байқауға болады. Бұл Аяның былтырғы күзде KWF SS2014 (Қазақстан фэшн уик 2014 көктем-жаз топтамасы) көрсетілген жұмысы. Толық топтаманы мына жерден тамашалауға болады. Ең қызығы, бейнебаянның сюжеті Аяның биографиясымен дәл келіп тұр.

 Әлия Сембай

Пікір жоқ

Пікір қосу