Аужар

1
2628

Аужар  қазақ халқының тәрбиелік мәні мен иландырарлық қуаты біршама күшті тамаша салттардың бірі.Оны айтудың мақсаты салып, өлең айтып, ермек үшін күн өткізу емес,  қайта жат жұртқа кетіп  бара жатқан тәжірибесіз бойжеткенге ақыл-кеңес беріп, үлгі тағылым айтып, құрдастары мен жанкүйер жақындарының ең соңғы рет қоштасып, бақыт –байлық пен ақ жол тілеу.

Жалпы алғанда, «аужардың» мазмұны қалыңдыққа ең соңғы рет құрбы -құрдастарының  және жанашыр жақындарының «барған жеріңе үлгілі, әдепті, ибалы бол, барған ел- жұртың мен ата-енеңнен сый құрметіңді аяма? аужар, жар-жар, ұзату тойы, қыз ұзату, салт-дәстүр, неке,Өзінің туған ел-жұртың мен ата-анаңның атына сөз, бетіне шіркеу келтірме» деп ақыл-кеңес беріп, жастық назын айтуы әрі шынайы кеңес беруі болса, ұзатылған қыздың сүйікті ата-анасы мен құлын-тайдай бірге өскен дос-жаран, құрбы-құрдастарымен қимастықпен  айрылып бара жатқанын, артына суық сөз, өсек-аяң ертпей, тату-тәтті бал жаласып өткен тамаша күндерін айтып, толқыған көңіл күйін білдіруі.

Әдетте, аужарды бір жігіт бастап, қажетті қайырмасына келгенде, көп жігіттер қостап айтып отырады.

Мысалы:

Сөздің басын бастайын «жар-жарменен» жар-жар

Айтқаныма құлақ сал замандасым жар-жар

Ата-баба жолы екен қыз ұзату жар-жар

Бет алдыңнан құдайым жарылқасын жар-жар

Көңіліңді қарағым, суытпаған жар-жар….. —

1 пікір

Пікір қосу