Астанада романтикалық орын ашылды

1
1094

Енді Астананың биік үйлерінің шатырында кездесу ұйымдастыруға болатын болды. Тек, шатырдағы «махаббат кездесуін»  жасау үшін қалтаңыз қалың болу керек.

«Шатырдағы кездесуді» ұсынып отырған ресейлік компания, бұл ерекше кездесу үшін 16- қабатты бір үйдің шатыры арнайы дайындаған. Көк шөп төсеп, осы кездесуге керек заттың бәрімен қамтыған. Әр қос ғашыққа бұл шатырда иелік етуге тек бір сағат беріледі екен. Ол жерде сіз тамақтанып және ашық аспан астында Астана көрнісі мен Есіл өзенінің көрнісі толықтай көрінетін суретке түсе аласыз.  Ал тамақты дала әнімен немесе арнайы шақырылған саксафоншының күйін тыңдай отырып іше аласыз.

Ал, басқа 42- қабатта орналасқан басқа ұйымдар керек десеңіз төсекпен де қамтамасыз ете алады.  Қыздарды өзіне ғашық қылу шебері Алексей Демьяновтың сөзіне сенсек: «кез-келген қызды осындай биіктікке, осындай романтикалық ортаға қызыңызды алып барсаңыз кез-келген қыз сіздікі» — дейді.   

1 пікір

  1. Баазар жоооооок!Бирак бир сагат ушин булай шашылудын кажети жок.Казак ели кен гой табигатта тегин журип серуендегенге не жетсин

Пікір қосу