Аша Матайдың кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды

2
2997
Аша Матай мен Арман Қоңырбаев

Әнші әрі актриса Аша Матайдың кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды. Бұл жайында Comode.kz басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Аша Матай қазақстандық Mysterions тобының солисі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шығады. Сонымен қатар, Желіде Қоңырбаевтың Аша Матайға жасаған ұсынысы бейнеленген видео да таралды. Видеода кинотеатрлардың бірінде жігіттің тізерлеп отырып, бойжеткенге ұсыныс жасап жатқан сәті бейнеленген.

Әншілердің қарым-қатынасы жайлы әңгімелер былтырғы жылы екеуі бірге Тайланд аралына бірге барып демалып келгелі тараған болатын. Бірақ, әншілер «тек доспыз» дегенмен барлық кештерге бірге келіп жүрген. Арман мен Аша бірігіп «Жүрек сыңарым» әнін жазған болатын.

1432293467w4on5 1432293467mhdw7

Ақпарат tengrinews.kz сайтынан алынды

2 Пікір

  1. Бақытты болындар!!! Денсаулыктарныз мыкты болсын!
    Бір ғұламалар айтпақшы «Уйленуге жақсы көру жеткілікті, ал отбасын сақтау ушін Сабыр мен кешірімді болу керек» деген. Мен сіздерге осы екі касиетті тілеймін!

Пікір қосу