Әсем Жәкетаева ана атанды

0
2433

Қазақстандық әнші әрі актриса Әсем Жәкетаева ана атанды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында сәбиінің қолынан ұстап түскен суретін салып, оқырмандарына қыз баланы дүниеге әкелгендігі жайлы хабарлады.

«Менің кішкентай ғана түйіршігім. Сені қанша күттім… Тоғыз ай бойы жүрдім. Құрсағымды қорғаумен болдым. Күн сайын маған бақыт, өмірдің мағынасын, күлкі сыйлайсың. Мен сені жақсы көремін, қояным!» — деп жазды актриса. Бұл жазбасына қарағанда, ол қыз бала босанған.


© Instagram.com/assem_zhaketayeva

Айта кетейік, әнші 2015 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Әсем Жәкетаева үйлену тойын ғашықтар мекені саналатын Францияның Париж қаласында атап өткен. Алайда Әсем Жәкетаева азаматының кім және немен айналысатынын құпия ұстап отыр.

Әсем Жәкетаева Superstar KZ музыка байқауының алғашқы маусымына қатысқаннан кейін танымал болды. Өнерпаз отандық бірнеше телехикаялар мен фильмдерге түсті. Оның соңғы түскен туындылары — «Жаным», «Вузеры» телехикаялары.

Ақпарат Тенгриньюс.кз сайтынан алынды

Пікір жоқ

Пікір қосу