Әсел Сағатова ана атанды

0
1880
Асел Сагатова

Танымал актриса, теле жүргізуші, қазақ елінің әдемі қыздарының бірі Әсел Сағатова ана атанды.

Tengrinews.kz ақпараттық порталының таратқан ақпаратына сенсек, танымал актриса сәбиін Біріккен Араб Әмірлігінде өмірге әкелген. Бұл хабарды, Әсел Сағатованың достары мен оқырмандары Instagram әлеуметтік желісі арқылы таратқан. 

Актрисаның соңғы түскен  суретінің астына оқырмандары өз құттықтауларын жазған. Белгілі болғандай, Әсел Сағатова соңғы үш айды Біріккен Араб Әмірлігінде өткізген екен.

Қазірге, бұл ақпаратты Әсел Сағатованың өзі растамады. Оның аяғының ауырлығы мен босануы жайлы алып-қшпа әңгімелердің тарағына біраз уақыт болды.

Естеріңізге сала кетсек, Әсел Сағатова Радий Мұхамеджановқа 2010 жылы тұрмысқа шыққан болатын.

Неке.кз сайты өз атынан актриса Әсел Сағатованы ана болуымен құттықтайды! Ана мен сәбиге ұзақ ғұмыр тілейді!

Пікір жоқ

Пікір қосу