Асаба таңдау

0
1628
асаба таңдау

Әр тойдың сәні мен әні асаба екенін бәріміз білеміз. Тойдың қызықты әрі жақсы өтуі тамадаға тікелей байланысты. Ал сіз сол тойыңыздың қыздыратын асаба таңдауды білесіз бе? Нағыз тамада қандай болуы керек? Асаба іздеген кезде неге мән беру керек? Міне, бүгін сіздерге осы сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Сонымен,  асаба іздеуді бір-екі ай бұрын бастаған дұрыс, себебі сізге осы уақыт ішінде асаба жайлы жан-жақты ақпарат жинауға уақыт болады. Дегенмен, бір ғана тамадаға тоқталып қалмай, 3-4 асабамен кездесіп, жан-жақты сөйлесіп көріңіз, салыстырыңыз өз талаптарыңыздан шыға ма ескеріңіз. Ең бастысы, асабамен кездесуге барған кезде алдын-ала жартылай төлем жасауға дайын болып барыңыз, себебі жақсы асабаларды тез алып кететін ескеріңіз.

Мықты асаба көбіне танымал болып келеді, сіз ол асаба жайлы жан-жақтан ақпарат алғансыз. Сіздің таныстарыңыздың, туыстарыңыздың тойларын жақсы басқарып мақтауы асқан азамат болады.

Егер сіз асабаны газеттер мен сайттардан іздеген болсаңыз, не таныстарыңыз арқылы тапқан болсаңыз төмендегі нұсқаулыққа назар аударыңыз:

  1. Ең бірінші мәселе — ол асабаның сыртқы келбеті, оның даусының тембрі және адамдармен сөйлесу, араласу манері. Сөйлеген сөздері сізге жағымды ма және сөйлеген кезде сіздің назарыңызды өзіне аудара алды ма бақылаңыз. Жақсы тамада адамды бір көрген кезде өзіне тарта білетін қасиетке ие.
  2. Жұмыс тәжірбиесі және алатын ақысы. Яғни асабаның қандай, қанша той басқарғанын біліңіз және ол тойларда қанша  адам болғанына назар аударыңыз. Жақсы асаба өз қызметінің жоғары сапалы екенін білсе арзан сұрамайтынын ескеріңіз. Әрине, саудаласуға қақыңыз бар. Егер асаба өзі ұсынған сумма ең аз деп айтса онда қауіптенуге себеп бар деп біліңіз.
  3. Қазір дамыған заман болғандықтан да, өзі басқарған тойлардың видеолары мен портфолиосын көрсетуді талап етіңіз. Құр сөзден гөрі көзбен көру әлдеқайда маңызды.
  4. Қандай ойындар мен жарыстар ұйымдастыратынын сұрап біліңіз. Егер ойындар көңіліңізден шықпаса оны басқа ойынмен алмастыруын алдын-ала ескертіңіз. Мықты асаба ойынның оңай-қиындығына қарай сыйлықтар жағында сізге ескертіп өтуі керек.
  5. Бастысы асаба жергілікті менталитеті мен қазақтың салт-дәстүрін жақсы білгенін талап етіңіз, сонда сіз жергілікті ерекшеліктер мен  салт-дәстүрден қиналмайсыз.
  6. Тапқырлығын сынап көріңіз, себебі тойда ойламаған жағдайлар болып қалуы мүмкін ғой.
  7. Музыкалық сүймелдеу мен музыкалық аппаратураның барлығын нақтылап алыңыз. Кәсіпқой асабалардың өздерінің командасы болады, командасында музыкалық сүймелдеп отырушы, биші қыздары, қосымша әнші қыз-жігіттері, тіпті қыз ұзату тойына арналған әртістеріде болады. Егер тамада жалғыз жұмыс істейтін болса, ол көп адамды басқаруға дағдыланбаған әрі үлкен тойды басқаруда тәжірбиесі жоқ болуы мүмкін. Алдын-ала, әншілер мен бишілерге төленетін қаржы мәселесін шешіп алыңыз. Оларға ақы бөлек төлене ме әлде сол асаба айтқан суммаға кіре ма анықтап алыңыз. Артынан дау болмау үшін бәрін басынан шешіп алған дұрыс. Егер әншілер мен бишілерген басқа қаражат төлеу керек болса, олардың қанша ән айтып, қанша би билейтінін жазып алыңыз.
  8. Беташар мәселесін талқылап алыңыздар. Кейде асабалар өздері беташар жасамай қосымша адам ертіп келеді. Егер асаба өзі ашатын болса, беташарға түскен ақша жағын алдын-ала шешіп алыңыз. Егер сіз жақсы ақы төлеп отырсаңыз, беташар ақшасын той иелері алуға қақысы бар. Көбіне бұл мәселе асабаның мәртігіне қарай шешіледі. Кей асабалар өздері-ақ: «Жастардың алғашқы қаржысы» деп өздері беріп кетеді. Дегенмен, басынан келісіп алған дұрыс, беташарға аз қаражат түспейтінін ескеріңіз. Кей жағдай да, асабамен келіскен сумманың жартысы беташардан түскен қаржыны құрайтындай етіп келісуге болады.
  9. Мықты асаба сізді де сұрақтың астына алады. Қанша адам, той иесінің мәртебесіне қарай қандай адамдар келетінін сұрастырып, ескеріп отырады. Үйдің  үлкені кім, туыстарыңыздың қызметі жайлы, құдалар жайлы толық мәліметте талап етеді және сіздің тойыңызға қатысты өз ұсыныстарын айтып сіздің кемшіліктеріңізді толықтырады. Ал асаба сіз айтқанның бәрімен келісіп, ешқандай сұрақ қоймай отырса онда оның кәсіпқойлығының аздығын білдіреді.
  10. Егер тойыңыз арақ-шарапсыз, халал өтетін болса онда асабаға бұны бірден ескертіңіз. Өз ісінің маманы болса сізді «олай дұрыс емес» деп айтпайды және асабаның қандай болса да той соңына дейін өзінің арақ-шарап ішпеуін талап етіңіз.
  11. Сонымен қорыта келгенде, кәсіпқой асаба сізбен нақты әрі сенімді сөйлесетін болады. Ол бәрін сұрастырып алған соң өз тарапынан сізден кеткен кемшіліктерді толықтыруға кіріседі. Муызкалық сүймелдеу, әншілерін, бишілерін тіпті видео мен фотоға түсіретін мамандарды да ұсына алады. Дегенмен, асабаға барлақ нәрсені асып қоймаңыз, себебі сіздің тойыңыз сіздің көмегіңіз арқылы ғана жақсы өтетінін ұмытпаңыз.

Тойларыңыздың сәтті өтуі үшін алдын-ала асабаға тойда сөз сөйлейтін, келін салем салатын адамдар жайлы толық ақпаратты алдын-ала дайындап беріңіз. Ең дұрысы асабаның қасына барлық туған-тусыңызды, құда-жекжатыңызды, жора-жолдастарыңызды жақсы білетін бір адамды қосып берген дұрыс.  Жол шығыны, жатар орны, ішіп-жемі жайлы да сөз қозғауды ұмытпаңыз.

Асабаңыз сәтті таңдалып, тойыңыз жақсы өтсін ағайын!

Пікір жоқ

Пікір қосу