Асаба бола қалсаңыз…

Бүкіл тойдың арқауы — асабаның сөзі. Той қауымымен жанды байланыс болмай, асаба (тамада) сөзі дұрыс тыңдалмайды. Қарапайым ғана «Сәлеметсіз бе!» деген сөздің өзін қаншама түрлі реңкпен айта аламыз. Қараңызшы, оны кекесінмен де қатқыл да ыңыранып тұрып та, бейжай да менменси де, қуана да, ренжи де, немкеті де, еркелей де, екпіндей де айта аласыз. Ендеше, тойға жиналған алқа — топтың алдында сөйлеу үшін жүректерге нұр себерлік әсем көтеріңкі интонация қажет. Тап басып табылған интонация бірте — бірте сөздің ыңғайына, жағдайға, ретіне қарай лирикалық, драмалық, пафостық сарыңға ұласып кете береді.

Асабаның мимикасы, тұрысы, қимыл қозғалысы, ишаралы сөзі той қауымымен байланысына үлкен әсер етеді. Әсіресе, сөз қолдың алуан ишарат қимылмен (жест) үйлескенде өте тартымды шығады. Тойдың жетекшілік тізгіні қолға тиген бойда бірден сөйлеп кетпей, сәл үзіліс жасаған тиімді. Жұрт бұл уақытта асабаның сыртқы келбетімен, дидарымен, тұрқымен, киімімен көз жүгірте  танысып алғашқы деректер алады. Сондықтан, той жүргізушінің сыртқы бейнесін қашанда жинақылық сезіліп тұрған жақсы.

Тойға жиналған қауымның көтеріңкі эмоционалдық жай күйі салтанаттылық асабаның сөзінен заңды жалғасын тауып жатса, ол тек тойдың сәнін кіргізе түседі. Асабалық міндет жүктелген соң қанша жүйрік болса да, азды көпті дәрежеде сөйлеу техникасынан хабары болған дұрыс.

Сөйлеу техникасы — дұрыс тыныс ала білуден басталады. Тек кеудемен емес, ішінен деп ала білгенде адам шаршамайды. Ғалымдар көмекей қуысында туған дыбыстық  энергияның елуден бір, дауыспен жұмыс істейтін адамдардың өзінде әрі кетсе оннан бір бөлігі ғана сыртқа шығаратынын дәлелдеген. Сол себепті тойдың жақсы өтуі сізге байланысты екенін есіңізде сақтаңыз асаба!

Сайтымызды асаба айдарынан асабаларға арналған кеңестер, той сценарилері, бағдарламары, тойда ойнатылатын ойындар, той әзілдері, халықтың көңілінен шыққан асабалар жайлы да  жазып отыратын боламыз.

Оставьте комментарий