Аружан Жазылбекова тұрмысқа шықты

1
3604
Аружан Жазылбекова тұрмысқа шықты

Қазақстандық танымал актрисаның таңдауы режиссер Ахат Ибраевқа түсіпті.

Екі жастың үйлену тойы 6- қыркүйекте өткен. Бұл жайында, тойдың құрметті қонақтарының бірі-  әнші әрі актриса Әсел Садуақасова өз блогында суреттерімен бірге бөліскен.

Білуімізше, актриса Аружан Жазылбекова мен Ахат Ибраевтың таныстығы бір жыл бұрын самсунг түсірген «Нүркеновтер отбасы» жарнама ролигінен басталған. Аружанның ұзақ уақыт АҚШ та тәжірбиеден өтіп келгені де екеуінің қарым-қатынасына кедергі болмапты.

Алдыңғы жылы Аружан, Ахат Ибраев режиссер болған, «Санжар мен Қайсар» сериалында түскен болатын.  Ал жақында Ибраев басты продюссер болған «Күн сақшылары» телесериалында Аружан басты рольді сомдаған болатын.  Екі жастың үйлену тойын өнер мен муза бір шаңырақтың астында бірігуі деп атауға әбден болады.

Аружан Жазылбекова қазақстанға кеңінен танымал актриса, сән көрсетуші, журналист және видеоблогер. Аружанның түскен кинолары: «Әсел және оның достары», «Жүрегім менің- Астана», «Санжар мен Қайсар», «Күн сақшылары», «Махаббат алтыбақаны».

1 пікір

Пікір қосу