Қара алтын неке жүзіктері

1
2124
қара алтын неке жүзіктері

Біздің көзіміз неке сақиналарының сұр, ақ, сары, қызғылт алтыннан екеніне әбден үйреніп қалған. Себебі, адамдар неке жүзігін таға бастаған кезде оның түсі сары боп келген.  Зергерлік өнерді жоғары бағалаушыларға ғана танымал қара алтын неке жүзіктері  пайда болғанына да біраз уақыт болды. 

Қанық қара түсті алтынды арнайы технология көмегімен алады. Алтын неке жүзіктің бетіне қара родийді жалату арқылы және алтын қорытпасына кобальт пен хромды қосу арқылы алады.

Қара алтын — зергерлік өнерге енген жаңа сән.   Бұл материал өте ерекше көрінеді және сыртқы әсерлерге өте төзімді. Сақталуы да күнделікті алтыннан кем түспейді, ұзақ уақыт тағып жүре беруге болады.  Қара алтынның қара гауһар тасты көзімен ерекше әдемі көрінеді.

Зергерлік  бұйымдарды жоғары бағалайтын қалыңдыққа ұсыныс жасаған кезде қара алтын неке сақинасын ұсынсаңыз ешбір қалыңдық сізге «жоқ» дей алмас.

1 пікір

Пікір қосу