Ақ келін қыз ұзату әні

0
3543

Ұзату тойының бірден бір шырқалатын әндерінің бірі «Ақ келін» әні. Бұл әннің сөзін жазған белгілі ақын Нәзира Бердалы, әнін жазған Гауһар Әлімбекова. Ән ұзату тойының салт-дәстүрін айшықтайтын ән. Сазгердің көптен көкейінде жүрген ән болатын. 2003 жылы көктем мезгілінде дүниеге келеді ән. Әр сөзінде қыздарға беретін үлгі өнеге, тәлім тәрбие жатқан ән тыңдарман көңілінен шығып, әр тойда шырқалып жүр.

Ақ келін

Сөзін жазған: Нәзира Бердалы

Әнін жазған : Гауһар Әлімбекова

Бір-ақ күнде қуантып қос ананы, Сыңсу айтып қыз көңіл босағаны. Әлпештеген әкеңнің аппақ қызы ең, Ақ келін боп аттадың, Ақ келін боп аттадың босағаны.

Қайырмасы:

Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен,
Үлбірейсің, үміттен жаралып па ең?
Басқа тойлар бастауы — бүгінгі той,
Бүгінгі той — қоштасу,
Бүгінгі той — қоштасу балалықпен.

Сәлем салып, басыңды ие бердің,
Қолтығыңнан сол сәтте сүйеген кім?
Міне, сондай жеңгелер жолын қуып,
«Ана» деген жақсы атты,
«Ана» деген жақсы атты иеленгін.

Шауып кетіп барады құлын-күнің,

Сен бойжеттің – осыны ұғын, гүлім

Ақ дастархан үстінде ақ бата алып,

Жаңа өмірдің ашасың шымылдығын.

Қайырмасы:

Ата-енеңді құрметте, отағасын,
Берік қылып осы үйдің босағасын
Ақ ниетпен отқа май тамызған соң,
Шаңырақтың шаттығы
Шаңырақтың шаттығы – От-Анасың.


[box type=»shadow»]

Пікір жоқ

Пікір қосу