Әнші Сиара ана атанды

0
831

Танымал әнші Сиара мен рэпер Future ұлды болды. Белгілі болғандай, әнші Сиара кеше таңертең Лос-Анджелестің бір перзетханасында босанып ана атанды.

Сиара ана атанды

Сиараның аяғының ауырлығы қаңтар айында белгілі болған болатын, ал одан аз уақыт бұрын жұлдыздар атастырылып Future өз қалыңдығына Avianne&Co брендінің 15 караттық жауһар жүзігін салған болатын. Жұлдыздардың үйлену тойлары осы жылдың күзіне белгіленді. 

Ғашықтар 2013 жылдың басынан бастап кездесе бастаған. Өмірге келген сәби Сиара үшін бірінші сәби, ал Futureдің бұрынғы ғашығынан ұлы бар.

Пікір жоқ

Пікір қосу