Әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығады

0
3202

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыққалы жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өнерпаздың директоры Меруерт Әуелбековаға сілтеме жасап.

Әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығады

Қалыңдық той көйлегін де таңдап қойыпты. Сонымен қатар, олардың тойының Тараз қаласында өтетіні хабарланып отыр. Айта кетейік, бұл турасында Instagram желісінде apsemet_maksat аккаунты хабарлаған еді. «Сүйікті әнші қыздарыңыз Мөлдір Әуелбекова той көлегін таңдап алды. Жақын күндері Мөлдір тұрмысқа шығып, Тараз қаласында дүркіреген той болмақ. Ендеше екі жас бақытты болсын!» деп сүйіншіледі.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында алты жыл жұмыс істеп, 2012 жылы ұжымның қатарынан кеткен. Қазіргі кезде әнші жеке шығармашылығымен айналысып жүр.

Пікір жоқ

Пікір қосу