Әнші Иван Бреусов әке атанды

0
2293
Әнші Иван Бреусов әке атанды

Қазақстандық танымал әнші, «101» тобының әншісі Иван Бреусов әке атанды деп хабарлайды Алаш айнасы.

Әнші Иван Бреусов әке атанды
Әншінің әйелі қыз босанды. Анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар ауруханадан шығып та үлгерді. Айта кетейік, Иван Бреусов 2014 жылдың маусым айында үйленген болатын.

Ол Lila (бұрынғы «Бионик») тобының солисі Меруерт Асанованы алды, қыз кейін күйеуінің тегіне өтті. Найля мен Іңкәр есімді апалы-сіңлілердің Lila тобына Меруерт 2013 жылы келген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Иван Бреусов көп уақыт бойы Дильназ Ахмадиевамен кездескен болатын, бірақ бұл жұп 2008 жылы айырылысып кетті.

Пікір жоқ

Пікір қосу