Анджелина Джоли мен Брэд Питт үйленді

1
1021
Анджелина Джоли мен Брэд Питт үйленді

23- тамыз сенбі күні Анджелина Джоли мен Брэд Питт Францияда үйленді. Бұл хабарды кеше жұлдыздардың өкілі ресми түрде мәлімдеді. Анджелина Джоли мен Брэд Питтің үйлену тойы жұлдыздар 2008 жылы сатып алған Ницце қаласындағы 35 бөлмесі бар Chateau Miraval қамалында өткен. Джоли мен Питт неке қию салтанатына арнайы калифорниялық сот өкілін шақыртып сонда некелерін қиғызып неке куәліктерін сол жерде алған. Үйлену тойында жұлдыздардың достары мен туыстары ғана болған.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт үйленді

Белгілі болғандай, 13 жасар Мэддокс пен 11 жасар  Пакс аналарын шіркеуде неке қидыруға алып келген, ал 9 жасар Захар мен 6 жасар Вивьен роза гүлін шашып отырса, ал 6 жасар Нокс пен 8 жасар Шайло неке жүзігін апарған.

Естеріңізге сала кетсек, жұлдыздар «Мистер және Мисис Смит» киносына түсу барысында бір-біріне ғашық болып, 2006 жылы Джолидың аяғы ауыр болған кезде ғана қарым-қатынастарын растаған болатын. Жеті жыл қарым-қатынастан кейін 2012 жылы Анджелина Джоли мен Брэд Питт некелесетіндерін жариялаған болатын.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт балаларымен

Қазір олар алты баланы тәрбиелеп өсіріп отыр, олардың үшеуі өз балалары болса үшеуін әр елден асырап алған. 2002 жылы Анджелина Джоли алғашқы ұлы Мэддоксты асырап алған болатын. Ал өз қызы Шайлоны 2006 жылдың мамыр айында босанды. Қыздарының алғашқы суретін жұлдыздар қомақты ақшаға сатып одан түскен қаржыны Африкадағы жетім балаларды қарайтын орталықтарға аударған болатын.

Джоли үшін бұл үшінші неке. Бұрын ол — Джонни Ли Миллер мен Билли Боб Торнтонға тұрмысқа шыққан болатын. Ал Питт тек Дженнифер Энистонмен 5 жыл некеде болған.

Қазірге Анджелина Джоли мен Брэд Питтің үйлену той суреттері ешқандай басылымда жарық көрмеді, мүмкін жұлдыздар той суреттерін қыздарының суреті сияқты сататын болар.  Алайда, Брэд Питт өзінің неке жүзігін елдің бәріне көрсетіп үлгерді:

Brad Pitt at launch of Fury movie

1 пікір

Пікір қосу