Анджелина Джоли мен Брэд Питт тағы бала асырап алды

0
936
Анджелина Джоли мен Брэд Питт тағы бала асырап алды

Батыстық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Анджелина Джоли мен Брэд Питт тағы бір бала асырап алды. Бұл жолы олар туркиялық босқындар лагерінен екі жасар Мұса (Мусса) есімді ұл баланы асырап алды. 2014 жылдың басында жұлдыздар Эфиопиядан 3 жасар қызды асырап алмақшы болған болатын, алайда асырап алу жұмыстары ұзаққа созылып кеткен еді.

39 жасар актрисаның жүрегін кішкентай Мұса БҰҰ жұмыстарымен босқындар орналасқан ауданға барған кезде жаулап алған екен, тілмаш баланың ауыр өмірі жайлы актрисаға айтқан кезде Анджелина көз жасын тия алмапты.

Casamento011

Естеріңізге сала кетсек, Анджелина Джоли мен Брэд Питтің қазірге алты баласы бар. 6 жасар егіздер Виьен мен Нокс, 8 жасар Шайло Нувель, 9 жасар Захара, 11 жасар Пакс, 13 жасар Мэддокс. Осылай 2 жасар Мұса үлкен әрі тату отбасының жетінші баласы болып тіркелді.

Кішкентай Мұсаға жаңа отбасында бақыт тілейміз!

Пікір жоқ

Пікір қосу