Анамен сырласу (Арман)

0
2380

Анашым?!
— Мен… мына қызға үйленем!
Жүрмеген ол… ыңқыл-сыңқыл, күйрелең.
Сөйлер сөзі — «біздің үйдің бақыты,»
Ойларынан байқалмайды «кір өлең!»

Анашым?!
— Мен… мына қызға үйленем!
Осы қызбен «бақыт» деген күйге енем!
Аяғыңды жылы судан алып-ап,
Уқалайды, шын жүректен тілеп ем!

Анашым?!
— Мен… мына қызға үйленем!
Тәртібінен мін таппайсыз күйреген!
Қонақжайдың қамы үшін жүгіріп
…деп айтады:
«Білмегенді әлі сізден үйренем!»

Анашым?!
— Мен… мына қызға үйленем!
Бетінен, тіпті, қолынан ешкім сүймеген!
Сондай таза, пәк жүректі — бұл ару!
Әлсізді сыйлап, көмегін беріп, демеген.

Анашым?!
-Мен…мына қызға үйленем!

…-деп,бір аруға жолығып,
Әсем хабар әкелермін үйге мен!
…бұйыртса…

Авторы: Нақпаев Аян (25.06.2014)

Пікір жоқ

Пікір қосу