Әлия Телебарисова тұрмысқа шығады

1
1634
Әлия Телебарисова тұрмысқа шығады

«Жаужүрек мың бала» тарихи фильмі мен «Ағайындылар» телехикаясы арқылы танымалдыққа ие болған актриса Әлия Телебарисова тұрмысқа шығады.

Жау жүрек мың бала. Зере

Актриса өз қалаулысының аты-жөнін тойға дейін атамай тұруды жөн көрген. «Мен өте бақыттымын. Біз бір-бірімізді сүйеміз. Ол өзі өнер саласында қызмет етпесе де, өте жасампаз. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Ол маған барлық жағынан қолдау білдіріп отырады. Ең бастысы ол маған сүйеніш бола біледі», — деді Әлия Телебарисова.

Қыз ұзату тойы 7 маусымда Алматыда өтеді, ал салтанатты неке қию рәсімі 14 маусымға белгіленген. Тойға туыстары, жақын достары және әріптестері шақырылған.

Айта кетейік, Әлия Телебарисова Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалында сынға түскен, кейін кастингтен өтіп, «Жаужүрек мың бала» фильмінде Зеренің рөлін сомдаған. Аталмыш кинокартина қалың көрермен арасында үлкен серпіліс туғызды. Әлия 2011 жылы «Алматы аруы» байқауының жеңімпазы атанды.

Ақпарат  Tengrinews.kz сайтынан алынды.

1 пікір

  1. Жанар Дугалова Қайрат Нуртас Сен мени түсінбедин. олар уйленсе мен шок болар едым

Пікір қосу