Әлем жаңалықтары: бала асырап алатын және балалы болатын жұлдыздар

1
1709

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтпақшы әлем жұлдыздарыда бар бақыт бала мен отбасында екенін түсініп келеді. Бұл сөзімізді әлемдегі соңғы жаңалықтар дәлел бола алады. Бір жұлдыздар өздерінің тұңғыштарының өмірге келетін күнін асыға күтіп жүрсе бірі екінші балаларының өмірге келу уақытын жоспарлап жатыр. Ал, өзі босана алмайтын жұлдыздар бала асырап алу жолдарын қарастырып жатыр. Толықтай тоқталып өтсек:

Анджелина Джоли мен Брэд Питт 7- балаларын асырап алмақшы 

Анджелина Джоли мен Брэд Питт

Әлемнің танымал жұлдыздары, талантты актерлары Анджелина Джоли мен Брэд Питт 7- балаларын асырап алғысы келетіндерін жария етті. Алты ұл мен қыз баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған жұлдыздар 7- балаларын тағы да Эфиопиядан асырап алмақшы. Қазірге бізге белгілісі, 2-3 жасар қыз баланы Эфиопиядан асырап алу жолдары талқыланып жатыр. Сонымен қатар, Анджелина мен Бред Эфиопиядан СПИДтен балаларды емдейтін аурухан салдырып жатыр екен, аурухананың ашылу уақыты сәуір айына белгіленген.

Дженнифер Энистон жалдамалы ана көмегіне жүгінбек

Дженнифер Энистон мен Джастин Теру

Брэд Питтің бұрынғы жары, танымал актриса Дженнифер Энистон мен оның қазіргі ғашығы Джастин Теру екеуі жалдамалы ана көмегіне жүгінгілері келетінін жария етті. 44 жасар актрисаның осы уақытқа шейін өзі бала көтерем деген іс-әрекетінің бәрі еш нәтиже бермегендіктен де осындай шешімге келгенін айтты. Дженнифер мен Джастин жалдамалы анаға өте жоғарғы талаптарын қойатындарында жасырмады.

 Ким Кардашьян мен  Канье Уэст екінші балаларын жоспарлап жатыр

Ким Кардашьян мен Канье Уест

Әлемнің танымал сылқымдарының бірі Ким Кардашьян мен танымал рэпер Канье Уэст екінші баланы 2015 жылдың басына өмірге келетіндей жоспарлап жатқандарын хабарлады. 7 айлық Норт атты қыздарының сіңілісі не інісі болғандарын қалаған ата-ана екі баланың арасының жақын болғандарын қалайды. Осы жылдың жаз айларына әлемді таңқалдыратын үйлену тойын өткізуге дайындалып жатқан жұлдыздар Версальда патшаларша той жасайтындарын мәлімдеді. Әрине, ауадан ақша жасап отырған Ким үшін бұл қиын болмасы анық.

Сиара мен Future тұңғыштарын күтуде 

Сиара

Әнші Сиара мен рэпер  Future өздерінің тұңғыштарын күтіп жүргендерін мәлімдеді. Әншілер 2013 жылдың басынан бастап кездесе бастаған. Осы жылдың қазан айында Сиараның  туылған күнінде рэпер өзіне күйеуге шығуға ұсыныс білдіріп 15 караттық сақина салған болатын.

Крис Хемсворт пен Эльза Патакидің егіз  балалы болады 

Дженнифер Энистон мен Джастин ТеруТор, Тор 2 фильмдерінің танымал жұлдызы Крис Хемсворт пен испан актрисасы Эльза Патаки егіз балалы болатындарын хабарлады. 2 жасар Индии Роуз атты  қыздарының егіз інілері не егіз сіңілілері болатынын жұлдыздар «Алтын Глобусты» табыстау мерекесінде хабарлады. Сонымен қатар, 30 жасар Крис өзінің бақытты жар және бақытты әке екенін айтып өтті. 37 жасар актриса Эльза көктемде сәбилерді өмірге әкеледі.

1 пікір

Пікір қосу