«Алдаспан» тобының мүшесі Бақытжан Желдербаев үйленді

1
1431
Бақытжан Желдербаев үйленді

Тұңғыш рет электродомбырамен сахнаға шыққан «Алдаспан» тобының ритм-домбырашысы Бақытжан Желдербаев үйленді деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Самарханова Назерке

Белгілі болғандай, қалыңдық Самарханова Назерке Семей қаласының тумасы. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасында білім алған. Екі жастың махаббаты осы қара шаңырақтың қабырғасында өрбіген.

Кеше, яғни 10- тамыз күні Семей қаласында ұзату тойы тойланса, 21 тамызда Бақытжанның туған қаласы Байқоңырда үйлену тойы өтеді деп жоспарлануда.

Сайтымыздың атынан екі жасқа отбасылық бақыт, шаңырақтарының биік, босағаларының берік болуын тілейміз!

Ақпарат Массагет.кз сайтынан алынды.

1 пікір

Пікір қосу