АХАЖ жазбаларына толықтыру енгізу

1
976

   «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтініштер қабылдау баламалы түрде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі.

      Бұл қызметті портал арқылы алғыңыз келсе, сұранысыңыз бойынша дайын құжатты халыққа қызмет көрсету орталығынан аласыз.

    Тууды мемлекеттік тіркеу ақысыз көрсетіледі. Туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

   Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сауал салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі  арқылы жүзеге асырылады, ал порталда – тәулік бойы жүргізіле береді.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке басын куәландыратын құжат; белгіленген нысандағы өтініш; 2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген адамдар үшін ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі; туу туралы медициналық куәлігін немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі (ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

    Белгіленген мерзімді бұза отырып баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады: ата-анасының түсініктеме жазбалары; баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы аумақтық әділет органының анықтамасы (бала 2008 жылға дейін туған жағдайда); баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтама (жүгінген кезден бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген); көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.

   Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі: жеке басын куәландыратын құжат; белгіленген нысандағы өтініш; көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама; өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар; мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат.

    Мемлекеттік қызметті  алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Бұл жөнінде толық ақпаратты сонымен бірге пайдалану тәртібін халыққа қызмет көрсету орталығынан біле аласыз, кеңес беру, порталды қолдану бағытын үйрету шаралары тегін жүргізіледі.

ХҚКО №3 бөлімі

1 пікір

  1. Бір-бірімен тек ашыналы? ?атынаста болуды к?здеген немесе ж?мыс карьерасын ?ана ойлап, бала табуды кейінге ысыр?ан жастар к?біне азаматты? некеге т?руды ??п к?реді. ?йткені, б?л кез келген уа?ытта ?осылып, кез келген с?тте айырыла салатын е? о?ай неке екені рас.

Пікір қосу