Аджика мәзірі

3
10109

Жаз аяқталып, күз келіп қысқа дайындалатын уақыт келді. Қысқа басатын салаттар мен тосап қайнатудың уақыты келді. Бүгін біз сіздерге адижка мәзірін (рецептін) ұсынбақпыз.  Аджика—  қысқа дайындалар, ұзақ сақталатын ең оңай салат, тамаққа қосатын қосымша және нанға жағып жер жақсы тіскебасар бола алады. Әрі аджиканы көп басып алсаңыз күз соңында корей капустасын басып алуға да қолдануға болады.

Аджиканың екі түрі болады: ашты және тәтті. Тәттісіне сәбіз, уроп қосылып, түсі аздап сарғыштау болады. Көбіне нанға жағып жейтін икра ретінде дайындайды. Ал ащы аджикаға қызыл кішкентай ашты болгар перецтері көбірек қосылып, тамаққа қосатын қоспа ретінде дайындалады.

Біз бүгін сіздермен тәтті аджиканы дайындау жолымен бөліспекпіз.

Керек заттар:

— 3-5 кг помидор

— 2-3 кг тәтті болгар переці (көбіне қызылын алған жақсы)

— 2-3 шт ашты болгар переці

— 1-2 кг сәбіз

—  2-3 бас чеснок

— 200 мл сумай (пісте май)

— 1 бума укроп, тұз, бұрыш

Алдымен барлығын тазалап жуып аламыз да, ет өткізгештен (мясуробка) өтетіндей етіп ыңғайлап кесіп аламыз. Алдымен помидорды өткізіп алып, тегешке сумай (пісте май) мен бірге құйып отқа қоямыз. Помидор 15-20 минут қайнаған соң, перец, сәбіз, чеснок бәрін қосып тұзын келтіріп қосып қайнатамыз.  Бәрі 30-40 минут қайнаған соң үстіне туралған укроп қосамызда 5 минуттай қайнатып өшіріп қоямыз. Бітті аджикаңыз қысқа дайын. Ас болсын!

3 Пікір

Пікір қосу