Ақ тілек

1
3120

Ақ Неке – Хақ Алланың шапағаты,

Ақ Ниет – ақ адалдың Махаббаты.
Ақ тойың ақ арманның күлкісіндей,
Ақ жүрек аңқылдасын бір кісідей.
Ақ Серігің қасыңнан табылғасын,
Ақ Махаббат, ақ шаттық арылмасын!
Ақ деген Сөз – тілегі бар Қазақтың,
Ақ сақалдың тілегі қабыл болсын!
Ақ сөзін ақ әжелер аямасын,
Ақ келін ақ мейірге саяласын.
Ақ пейіл адал Жарың ақ сезіммен,
Ақ Жан деп, ақ төсекте аяласын!
Ақ байлық қонсын әрбір мал басыңа,
Ақ көрпе құтты болсын жамбасыңа!
Ақ босаға – Ол сенің ақ Ырысың!
Ақ тілектің айналсын Ордасына.
Ақ Алла жамандықтан сақтандырсын,
Ақ Иман байлығымен шаттандырсын!
Ақ маңдай, ақ періште сәби үні,
Ақ шаңырақ ішіне Бақ қондырсын!

Өлеңді жазған: Бауыржан Қарағызұлы

1 пікір

Пікір қосу